30
апрель
2021
«Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында интеллектуалды сайыс сабақ өткізілді
9 «Б» сынып білім алушыларымен болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында интеллектуалды сайыс сабақ өткізілді. Сайыс 4 турдан тұрды. І тур. «Қиял әлемі» ІІ тур « Логика» ІІІ тур «Ғажайып алаңы» ІV тур «Құпия жәшік» . Интеллектуалды сайыста «Болашақ» тобы жеңіске жетті. Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар.Мемлекеттің дамуы, өсіп - өркендеуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан, сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы жәнеде қоғамнан өз орнын табуы тақырыптарында кеңес беру жұмысы жүргізілді.
