30
апрель
2021
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтті.
2021 жылдың 30 сәуір күні Жамбылская область Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бірлік. Достық. Ынтымақ» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтті. Деректерге қарағанда, әлемде 256 ұлт бар екен, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан - қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс ұлттарының өнерлерін ортаға салған оқушыларымыз жоғары дәрежеде дайындалған. Мереке соңында Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы құттықтап, жас бүлдіршіндерге жылы лебіз білдірді. Еліміздің болашағына, халқымыздың бейбіт өмір сүріп, ынтымақты болсын дейміз. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!













