09
апрель
2024
«Дені сау ұрпақ-ел болашағы»
Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні мектебіміздің білім алушыларын дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға және өмірмен де байланысты екенін түсіндіру мақсатында «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» атты дене шынықтыру, көркем еңбек, АӘД, сызу, музыка пәндер айлығының ашылу салтанаты болды. Айлықтың ашылу іс-шарасын дене шынықтыру пәні мұғалімі- Ш.Жексенова жүргізді.Салтанатты жиынның алғы сөзін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева құттықтау сөзбен ашып, өскелең ұрпаққа салауатты салтын ұстануға, сымбатты, қайратты, мықты болуға жігерлендірді. Айлық шараның ашылу салтанатына орай көркем еңбек пәні мұғалімдері мектеп фоэсіне ұстаздар мен оқушылардың шығармашылығынан дайындаған көрме ұйымдастырды. Шара барысында мектебіміздің шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарын насихаттаған білім алушылар қол күресі, арқан тарту жарыстарымен шараны көңілді жалғастырды. 6 «А» сынып оқушылары спорттық «Флешмоб» билеп, 6 «В» сынып оқушысы Нажмадин Асель «Көңілді күн» 5 «А» сынып окушысы Аязбай Назерке «Балалы шақ» әндерін тамылжыта орындады. Мектебіміздің әскери жетекшісі- Н.Байбульдековтың ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары АӘД сабағынан сапта сұрып автоматты кеудеден иыққа, иықтан арқаға жаттығуларын көрсетті.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C5iS6xLM4ao/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C5iS6xLM4ao/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
