02
апрель
2024
«Өз өміріңді бағала» тақырыбында психокоррекциялық сабақ өткізді
Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сай оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлық іс-шаралар негізінде 2 сәуір күні мектеп психологтары 7 «В» сынып білім алушыларымен «Өз өміріңді бағала» тақырыбында психокоррекциялық сабақ өткізді.Білім алушыларды «ӨМІР», «БАҚЫТ», «БОЛАШАҚ» топтарына бөліп Өмірге деген құлшынысыңыз қандай? Өмірге келгеніңізге бақыттысыз ба? Қандай ситуациялық оқиғалар жаныңызды жабырқатады?деген сұрақтарына допты лақтыра отырып жауап алынды. «Екі бақа» аңызының мазмұнын оқушылар талдап, өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керектігін, әр нәрсенің соңын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеуге үйрену керектігі жөнінде және сабырлы, шыдамды, төзімді болуға тырысу керектігі айтылып, соңынан қызықты өмір сүру үшін кеңестер берілді. «Өмір ыдысы» эксперименті көрсетіліп, талқылау жүргізілді.Соңынан «Өмірімнің мағызды сәттері» тақырыбнда арттерапия жүргізілді.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C5QfsOKs1lj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C5QfsOKs1lj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
