Педұжыммен жиналыс өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » Педұжыммен жиналыс өтті
13
февраль
2024

Педұжыммен жиналыс өтті

Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні мектебіміздің директоры- Н.Мырзаханов білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстар туралы педұжыммен жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі бірінші қаралған мәселе- ақша жинау фактілерін болдырмау, болған жағдайда жемқорлық ретінде қарастырылатыны ескертілді. Сонымен қатар мектеп директоры мектепте 8 наурыз- Халықаралық аналар мерекесі, Ұлыстың Ұлы тойы әз-Наурыз, т.б мереке күндеріне орай және мектеп бітіруге байланысты ақша жинауға тыйым салатынын айтты.
Әр мұғалім білуі тиіс:
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

Күн тәртібіндегі екінші қаралған мәселе- педагогикалық әдеп нормалары. Ұстаз ата-аналармен, бүлдіршіндермен және әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндетті. Нұрдаулет Талантұлы чаттардағы қарым-қатынастың қарапайым нормаларына тоқталып, мессенджерлер жіберу туралы бірқатар мысалдар келтірді. Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті. Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді.
Ұстаз этикасы – педагог пен бала, ата-ана мен педагог арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. Педагог мамандығы сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көріну керек екені айтылды. Сондықтан ұстаздарға қандай кезде де, қандай орта да педагогикалық әдепті ұстанғаны жөн.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив