31
январь
2024
“Амандасу тәрбиенің басталуы” атты дөңгелек үстел өтті
Білім алушыларға сәлемдесудің түрлерін көрсете отырып, қалай сәлем беру керектігін үйрету. Сәлемдесу мәдениетіне, ізеттілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Қ. Макышевтың ұйымдастыруымен 9 “В”сынып білім алушыларымен “Амандасу тәрбиенің басталуы” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында оқушыларға сәлемдесу туралы бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар қойылып, ашық әңгіме жүргізілді. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.













