19
январь
2024
“Дыбыстың шағылуы деген не?” тақырыбында ашық сабақ өткізді
ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) бойынша “Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек” тақырыбындағы айлық барысында ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні 4 “Ә” сынып мұғалімі Асанкулова Г.И. жаратылыстану пәнінен “Дыбыстың шағылуы деген не?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, тапсырмалар орындатылды. Балалардың ғылыми сауаттылығын арттыру мақсатында тест тапсырмалары алынды. Тест тапсырмалары балалармен талқыланып, қорытылды.



