08
декабрь
2023
«Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» атты әдеби танымдық кеш өтті.
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлық жұмыс жоспарына сәйкес өзге ұлт оқушыларының сыныптан тыс жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына -80 жыл толуына орай «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» атты әдеби танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы ұлы тұлғалардың мерей тойына байланысты жазушының өмірі мен шығармаларын дәріптеу және насихаттау.«Алтайдың Кербұғысы»атанған даңқты драматург, жазушы Оралхан Бөкей - қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Жазушының Апамның астауы,Мұзтау, Атау кере, Қар қызы, Біздің жақта қыс ұзақ, Кербұғы, Кісікиік тағы да басқа шығармалары көпке танымал.11«Б» сынып білім алушысы Шиян Вениамин жазушының шығармаларында көрсетілген Тарбағатайдың табиғаты мен мәңгі басқан тау қары мен мұзын, кербұғысын, лиризмге толы табиғатын А4 форматына салды. Сурет арқылы Шыңғыстаудың табиғатын суреттеп берді. Содан кейін оқушылар «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында кітапханаға саяхат жасады. Жазушының кітаптарымен танысты. Ұлттың бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды
Пән мұғалімі: Мамыткеримова Э. Т.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі(орыс сыныптары)
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0zTThUM94v/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==