12
декабрь
2023
"Театр-түрлі өнердің бастауы" атты қойылым байқауын өткізді
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні үйірме жұмыстарының он күндігіне орай "Театр және балалар" үйірмесінің жетекшісі Карибаева Г.Ш. "Театр-түрлі өнердің бастауы" атты қойылым байқауын өткізді. Байқауда әр топ жас ерекшелігіне қарай сахналық қойылымдар көрсетіп, түрлі образдарды сомдады. 5-сынып білім алушылары "Достық қымбат бәрінен", "Қоянға достары қалай көмектесті?" атты ертегіні қуыршақ театры арқылы қызықты көрсете білді. 7-сынып білім алушылары ақындардың жырларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға салды. "Әке мен бала", "Бұқар жырау мен Қазыбек би" тақырыбында сахналық қойылымдар қойып, көрерменнің жүрегіне жол таба білді. Байқау мақсатқа сай, өз деңгейінде өткізілді.Білім алушылар байқауға белсене қатысқандары үшін арнайы дипломдармен марапатталды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0y4OiqMA6m/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0y4OiqMA6m/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
