04
декабрь
2023
«Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын... деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес
«Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашан да гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі! Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді.
Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Абдуалиева, “ Жас Ұлан“ ұйымы мен “ Адал ұрпақ” клубының, “Даналық мектебі” клубының әжелерінің ұйымдастыруымен 6-7 сынып қыздары арасында «Бұрымды қыз-2023» байқауы өтті. Сайыстың аты айтып тұрғандай, қатысушылар шаш ұзындығы, қалыңдығы, күтімі бойынша және сәнді өрімдер бойынша жарысты. Байқау нәтижесінде, 7 сыныптар арасынан 7 «А» сынып оқушысы- Жолдыбай С «Бас жүлде», 7 «Ә» Олжабай Р-Іорын, 7 «Г» Әсем К-ІІ орын, 7 «Б» Абдували М- ІІІ орындарды иеленсе, 6 «Б» сыныптары арасында Сәтжан А «Бас жүлде», 6 «А» Орынбек А-І орын, 6 «В» Нажмаддин А, 6 «Г» Докучаева Д- ІІ орын, 6 «Д» Дик В-ІІІ орындарға ие болды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0a959mMdoP/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==