24
ноябрь
2023
«Дұрыс тамақтану әдебі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
2023-2024 оқу жылында білім алушыларды тамақтандырыу жұмысын ұйымдастыру барысында атқарылатын іс-шаралар жоспарының «Тиімді тамақтануды насихаттау» бөліміне сәйкес 24.11.2023 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы#20 жалпы орта білім беретін мектебінің 4«Б» сынып жетекшісі Шолпанбаева Г. Қ оқушылармен «Дұрыс тамақтану әдебі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Балаларға дұрыс тамақтану әдебін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Адам денсаулығын сақтау үшін және үстел басында өзін-өзі қалай ұстау керек гі туралы пікір айтылды.Сынып жетекшісі Шолпанбаева Г.Қ балаларға пайдалы және пайдасыз тағамдар,пайдалы сусындар мен пайдалы жеміс-жидектер туралы тапсырмалар беріліп, топқа бөлінді.Балалар сұрақтарға жауап беріп,пікірлерін білдірді. Балалар «алма» әдісімен бағаланды.









