13
сентябрь
2023
Отбасы - бақыт мекені
Отбасы мерекесі – бұл үлкендер мен балалардың арасындағы достық, махаббат, сенім, сүйіспеншілік. Отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 13 қыркүйек күні «Отбасы бақыт мекені» атты ата-аналармен кездесу өтті. Онда отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеуге бағытталған ата-аналар арасында топтық тапсырмалар орындалып, сұрақтарға жауап беріп, отбасылық әндер шырқалды. Осы көріністерден ана мен бала арасындағы байланысты көруге болады. Сонымен қатар ата – аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру мен қызықтыра түсу үшін «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық….» атты тренинг жүргізілді. Жоғарғы сынып оқушыларының ойын ортаға салып, тілдік шеберліктерін, отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатын негіз ете отырып пікір-талас ұйымдастырылды. Кездесудің аса жоғары дәрежеде өтуіне өз тарапынан үлес қосып, ата-ана жасөспірімнің өміріне жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндіріп, баланың өмірінде басты рөл атқаратын ата-ана екендігі жөнінде ақ қағаздан өз балаларының сұлбасын жасады. Қорыта келгенде ата-аналар мен білім алушылар «Әйелдің бақыты- отбасы» әнін қосыла шырқап, жайлы орта қалыптастыра отырып көңіл көтерді. Бұның бәрі рухани құндылықты жоғары бағалай отырып «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дегендей, тәрбие бастауы отбасынан басталатынын айқындағандай.





