14
сентябрь
2023
«Менің отбасымның құндылықтары» атты тәрбие сағаттары өтті
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында мектебімізде 14 қыркүйек күні 1-4 сыныптар арасында «Менің отбасымның құндылықтары» атты тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттары барысында отбасы туралы нақыл сөздер айтылып, оның мәні, мазмұны талданды. Белсенділік танытқан сәтті отбасының айырмашылықтарына тоқталып, білім алушылар топтық жұмыстар жасады. Атап айтсам, 1А, 1Ә, 1Б, 4В сыныптары белсенділік танытып, үздік сабақтар көрсетті.





