18
октябрь
2023
"Төрт тоқсан-Төрт өнер"
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен Республика бойынша "Төрт тоқсан-Төрт өнер" ұлттық мәдени -ағартушылық жобаның тұжырымдамасы негізінде, №2 музыкалық саз мектебіндегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ақындық өнері бар, шығармашыл ұстаз- Жазгүл Қалдыбекқызымен кездесу өтті. Жалпы ұлттық рухты нығайтып, білім алушылардың шығармашылығын дамыту қашанда маңызды. Ақын - ақиқаттың жаршысы. Ал ақынның шығармашылығымен танысу, белгілі бір тақырыпқа орай көзқарасын білу, кім-кімге де қызықты болары сөзсіз. Осы орайда Жазгул Қалдыбекқызы абілім алушыларға М.Мақатаевтың өлеңдерін тебіренте оқып және өзінің шығармашылығынан туындаған- «Ана» өлеңін оқығанда, еріксіз көзге жас келді. Ақын өзінің өнері жайлы, өзінің шығармашылық жолы туралы білім алушыларға баяндап берді. Рас, рухани азық беретін осындай шаралар білім алушылар үшін ауадай қажет, әсіресе жастардың патриоттық сезімдерін шыңдауға септігін тигізері хақ. Басқосуда ел татулығы, бірлік пен тұтастық ұғымдары туралы маңызды ақпараттар айтылды.



