24
октябрь
2023
«Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.
Республика күніне орай Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББ мектеп кітапханасында «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Жастарды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Кітапханашы Насибулина М.Р. білім алушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығын, қайтпас қайсарлығын, Қазақстан халқының достығын, төзімділігін, жеткен жетістігін, ұлттық құндылықтарын насихаттады.