08
ноябрь
2023
«Жас қозғалыс инспекторы»
Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің әскери жетекшісі- Н.Байбульдековтың ұйымдастыруымен «Жас қозғалыс инспекторы» жасақтары мен Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Жаныкуловпен бірге бағдаршам маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде кезекшілік атқарып, қозғалысқа қатысушылармен, жаяу жүргіншілермен — ата-аналармен және балалармен, сондай-ақ жүргізушілермен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ көпшілікті жол ережелерін сақтауға, жолда жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден өтпеуге шақырды.





