«Қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы» Дина Нурпеисова – 160 жыл » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » «Қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы» Дина Нурпеисова – 160 жыл
18
январь
2021

«Қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы» Дина Нурпеисова – 160 жыл

2020-2021 оқу жылында Тұрар Рысқұлов  атындағы № 20 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында

«Қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы»

Дина Нурпеисова – 160 жыл

атты  презентация

жасалынғаны туралы

АНЫҚТАМА

Өткізілген күні: 18.01.2021 ж.

Ұйымдастырылатың орны: Facebook, Instagram 

Сілтемелер: https://www.facebook.com/madina.nasibulina/videos/3631631856913674/ 

https://www.instagram.com/tv/CKA0LumlalV/?utm_source=ig_web_copy_link

Қатысқан : 46 оқырмандар

Мақсаты: оқырмандарды Дина Нұрпеисова өмірімен, өнерімен таныстыру, Дина Нұрпеисова  сияқты бір - ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету.   оқушыларды  өз елінің   мәдениетін  құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.   

            Дина Нұрпейіс келіні (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944).

 Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

 Әкесі белгілі домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.

 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған.

 Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы кдомайтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың кдомөнерінің бақыты болды. 

Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.

18.01.2021 ж.  мектеп кітапхана Facebook,   Instagram  «Қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы» - Дина Нурпеисова туралы  виртуалдық көрме-презентация  жарияланды.






Кітапханашылар:                                                     Насибулина М.Р.

                                                                                               Абдраимова Г.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив