Ағымдағы оқу жылының 15 қараша күні жасөспірімдердің қоғам өмірінде белсенділігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, балалар мен жасөспірімдер арасында ынтымақтастықты нығайтуға көмек беру мақсатында аудандық «Жас Ұлан-елімнің ертеңі» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектебіміздің үлгілі , үздік 5 сынып білім алушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды.