04
ноябрь
2023
1-тоқсандағы білім сапасының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті
Ағымдағы жылдың қараша айының 1 күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес кезекті педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде 1-тоқсандағы білім сапасының қорытындысы, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының орындалуы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы мен ыстық тамақты ұйымдастыру барысы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.