06
октябрь
2023
"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" атты тақырыпта сайыс сабақ
Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы "Бірінші байлық-денсаулық" деп бекер айтпаған.Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау,белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау ,өз денсаулығымызға ұқыптылықпен қарау керектігін түсіндіре отырып, ағымдағы жылдың 6 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм 2 "А" сынып білім алушыларымен сынып жетекшісі Нармағанбетова Ж.Ж. "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" атты тақырыпта сайыс сабақ өткізді. Білім алушыларды 2 топқа бөліп, сайыс кезеңдерімен таныстырды. Сайыс барысында білім алушылар дұрыс тамақтану бойынша сұрақтарға жауап берді, жағдаят шешті, дидактикалық ойындар ойнады. Білім алушылар дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізер әсері мол екендігін түсінді.
