29
сентябрь
2023
"Кәсіпорындағы еңбек күні"
Меркі аудандық білім бөлімінің басшысымен бекітілген жоспардың жолдануына байланысты орта және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында "Еңбек күнін" атап өту туралы іс-шара жоспарына сәйкес "Кәсіпорындағы еңбек күні" экскурсиясы бойынша Меркі Ірімшік зауытына ПКББ Тонбай Маржан Аралбекқызының жетекшілігімен 10 сынып білім алушылары экскурсияға қатысты. Май бөлімінің маманы Бекмаханбетова Гүлнар Сабыржановна және Сүт қышқылының маманы Даулетбаева Гүлсім Айдаровна таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тынымсыз еңбек қызметкерлерінің жұмысына куә болған білім алушылар зауыт жұмысына қызығушылық танытып, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды.





