29
май
2023
Құттықтаймыз!!!
2023 жылдың 5 мамыр күні жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының І (аудандық) кезеңі Мұхтар Әуезов мектеп лицей базасында болып өтті. Ғылыми конкурстың мақсаты оқушылардың ғылыми зерттеу және оқу- танымды қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету. Ғылыми конкурстың нәтижесінде Тұрар Рысқұлов атындағы №20ЖОББМ 8 "Б" сынып білім алушысы Азизуллаев Шыңғысхан «Наноматериалдар және графиттен жасақталған құрылғылар» атты ғылыми жобасын қорғап жүлделі 3 орынмен марапатталды. Жоба жетекшісі: Мамбетниязова М. Б.
