Кезекті директор жанындағы кеңес өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » Кезекті директор жанындағы кеңес өтті
03
май
2023

Кезекті директор жанындағы кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Н.Мырзахановтың басшылығымен кезекті директор жанындағы кеңес өтті. Күн тәртібінде:
✓ «Күнделік» жүйесі арқылы сынып журналдарының дұрыс толтырылуы;
✓ білім алушылардың сабаққа қатысуы;
✓ 4-сынып білім алушыларының математикалық сауаттылығы;
✓ 8- сынып білім алушыларының ICILLS зерттеуіне дайындықтары;
✓ 9-сыныптардағы оқу үлгерімі және кәсіпке баулу жағдайы;
✓ «Жаһандық құзіреттілік» курстарының оқытылуы;
✓ мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында жасалған жұмыстар;
✓ үйірме жұмысының жүргізілу сапасы;
✓ оқу жылының аяқталуы және 9,11 сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу жұмысын ұйымдастыру жұмыстары қаралып, шешімдер жасалды.

Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау, мемлекеттік емтихандарға, аттестат тапсыру салтанатына орай қаражат жинамау туралы мәселе қозғалды. Мектеп бітіруге байланысты мейрамханаларда тойлау, тау бөктеріне шығу, қымбат көліктермен серуен жасауға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі де күн тәртібінен қалыс қалмады. Сынып жетекшілерге тиісті тапсырмалар беріліп, ата-анамен жұмысты күшейту тапсырылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив