26
апрель
2023
Меркі тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі. Оқушылардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Тұрар рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-7 сынып оқушылары Меркі тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Өткенге үңілмесек, келешекті болжау мүмкін емес, әрине. Сынып жетекшілер Л.Елубаева мен С.Бектұрғанова оқушыларға өлкенің, өңірдің көрікті жерлері туралы мұражайда ақпарат беріп, тарихи танымдарын кеңейтті. Мұражай қызметкерлері оқушыларды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Оқушыларымыз мұражай қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті. Біздің мақсатымыз- тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды шығармашылық өнермен және туған жеріміздің мәдениетімен таныстыру. Білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.