21
апрель
2023
«Лучший жас маман- 2023» байқауы өтті.
Еліміздің болашағы — бүгінгі жастардың қолында. Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Д.Демесинованың ұйымдастыруымен «Лучший жас маман- 2023» байқауы өтті.
Байқауымызға мектебіміздің 6 жас маманы қатыстып, бақтарын сынады.
Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: тұсаукесер,шеберлік сыны,үздік сабақ,,жағдаяттық сұрақтар. Өте қызықты әрі тартысты өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан жақсы шыға білді. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Әділ қазылар алқасының мүшелері төрт кезең бойынша қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды.Әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады. Нәтижесінде белсенді қатысып, ерекше көзге түсе білген Жамбылбек Е. Бас жүлдені иеленсе, Берікхан А. ,.Бөкенбаев Ж. І орын, Бекболатов М. ІІ орын, Орынбасар А.мен Кеңесбаев Қ. ІІІ орынды өзара бөлісті.
«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілемекпіз. Мектебіміз әрқашан осындай шаралармен толыса берсін.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CrS9CIngzff/?utm_source=ig_web_copy_link