31
март
2023
Құттықтаймыз!!!
2023 жылдың 30-31-ші наурыз аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Менеджмент академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Әбілов Меңдібай Әбілұлының 65 жылдық мерейтойына орай "БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ДӘУІРІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияна мектебіміздің үздігі, 9 "А" сынып білім алушысы Айбас Назерке Маратқызы өзінің "Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылар" тақырыбындағы зерттеу мақаласын оқып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муратбаева А. С. Конференцияға Ұлыбритания, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің өкілдері де қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.









