«Тәуелсіздіктің-кешегісі мен болашағы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » «Тәуелсіздіктің-кешегісі мен болашағы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді
13
декабрь
2022

«Тәуелсіздіктің-кешегісі мен болашағы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді

  Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 13 желтоқсан күні Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында «Тәуелсіздіктің-кешегісі мен болашағы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.Кездесуге желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, куәгер болған қонақтарымыз қатысты.Атап айтсақ желтоқсан оқиғасына қатысқан Ахметханов Мұратқали атамыз, Жамбылская область «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Жуанышева Эльмира Қуанышбайқызы, «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің мүшесі-Жаналиева Ләйлә апайымыз, сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары-Лескенова Зауре Шамшаевна, Жуанышева Гүлмира Қуанышбайқызы қонақта болды.Кездесу кешін мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы мерекелік құттықтауымен бастады.Содан соң кездесуімізге келген қонақтар оқиғаның қалай болғанын баяндап, қазіргі өскелең ұрпаққа өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.Кездесу мектебіміздің дарынды да талантты білім алушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.Кездесуді қорытындылау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуалиева Бекзат Макеновна келген қонақтарға алғыстарын айтып, гүл шоқтарын тарту етті. Жамбылская область «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Жуанышева Эльмира Қуанышбайқызы Жамбыл облыстық Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Бердалиевтің алғыс хатымен мектеп директоры-Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Абдуалиева Бекзат Макенқызын, ұйымдастырушы Исаева Набира Зинаддинқызын Алғыс хатпен марапаттады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив