14
ноябрь
2022
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН.
Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтында "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін тоғызқұмалақтан республикалық турнир болып өтті. Ұлттық ойынды ұлықтаған ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздар қауымы бас қосып, Қызылорда қаласынан келген бас төреші Еркебұлан Аманов бастаған әділқазыларға мықтыларды анықтау оңайға түскен жоқ. Дегенмен, жарыс болғасын жеңімпазда болады демекші мектебіміздің 20-29 жас аралығында Сағындық Нұртаев, 40-49 жас аралығында Мұхит Сейтжапаров жеңімпаз атанып, жеңістің биік тұғырынан көрініп, дипломдар мен медальмен марапатталды.