02
ноябрь
2022
Байқау сынағы алынды
Ағымдағы жылдың қараша айының 2 -сі күні мектебіміздің 11 сынып оқушыларының ЕНТ - ге дайындық деңгейін анықтау мақсатында, байқау сынағы алынды. Қазіргі уақытта ЕНТ тапсыруға 54 оқушы өтініш беріп отыр. Бүгін 54 оқушының 49-ы тапсырды. Тесттің қорытындысына сараптама жасалып, директор жанындағы кеңесте қаралатын болады.



