03
ноябрь
2022
№20 ЖОББМ кезекті педагогикалық кеңес
Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ кезекті педагогикалық кеңес мектеп директоры Н.Т.Мырзахановтың басшылығымен өтті. Педкеңесте 1- тоқсандағы білім сапасының қорытындысы, математика және информатика пәдерінің оқытылу жағдайы, “Алтын белгіге”,”Лучший” аттестатқа үміткерлер ұсынылып, аттестаттаудан өтетін педагогтардың тізімі бекітілді, мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ЕНТ -не дайындықтары талқыланып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің 1-тоқсандағы рейтингісі және мектепте “Ыстық тамақты ұйымдастыру" туралы мәселелер қаралды, тиісті қаулылар бекітілді.







