07
сентябрь
2022
«Жол көлік жарақатының алдын алу!» тақырыптарында сынып сағаттары өтті
Мектебімізде «Абайлаңыз, балалар!» онкүндігі аясында оқушылардың жол-көлік жарақаттанудың алдын алу, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау мақсатында 1-8 сыныптарда «Жол ережесін есте сақта!», «Жол көлік жарақатының алдын алу!» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. 1-4 сынып оқушыларына «Қауіпсіз балалық шақ» атты тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.













