Мектептің ішкі тәртіп қағидалары » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
02
сентябрь
2025

Мектептің ішкі тәртіп қағидалары

                                                                                «БЕКІТЕМІН»

«Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Тұрар Рысқұлов атындағы „№ 20 жалпы орта білім беретін мектебі“ отдела образования Кордайского районанің директоры 

_____________________ А. Р. Спанкулова.

»____"_______________ 2025 ж.




Мектептің ішкі тәртіп қағидалары


«Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің „№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі“ отдела образования Кордайского районанің (бұдан әрі — білім беру ұйымы) ішкі тәртіп қағидалары Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ Заңына, „Педагог мәртебесі туралы“ Заңына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген „Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға“, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген „Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар“ Санитариялық қағидаларына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген „Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы“ заңнамаларға сәйкес әзірленді.  


1. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің негізгі міндеттері


1. Қазақстан Республикаының заңдарын, білім беру ұйымы жарғысын, ішкі тәртіп қағидаларын қатаң сақтауға;

2. Еңбек тәртібін сақтау мақсатында, уақытында жұмысқа келу, жұмыс мерзімінің ұзақтылығын сақтау, әкімшіліктің тапсырмасын нақты және сапалы орындауға;

3. Жұмыс сапасын жақсартуға және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға;

4. Техника қауіпсіздігін сақтауға, еңбекті қорғауға, өндірістік, санитарлық-гигиеналық жұмыстардың орындалуын, өртке қарсы ұйымдастырылатын шаралардың талаптарының орындалуын қатаң сақтауға;

5. Құжаттар мен материалдық құндылықтардың дұрыс сақталып күтілуіне мән беруге;

6. Отын мен электр энергиясын үнемдеп пайдалануға, білім беру ұйымы мүлкін аялап қорғауға; 

7. Нұсқауға сәйкес көрсетілген уақытта медициналық тексеруден өтуге;

8. Оқушы (тәрбиеленуші) жарақат алған жағдайда тез арада әкімшілікке, медбикеге хабарлауға; 

9. Оқушы (тәрбиеленуші) сабаққа кешіккен немесе сабақ уақытында сыныпқа кірмеген жағдайда сынып жетекшісіне, кезекшіге, директордың орынбасарына ескертуге міндетті. Кешіккен оқушыларды сабаққа кіргізбеуге құқығы жоқ;

10. Сабақ басталғанға дейін кабинеттердің есіктері ашық болуы тиіс;

11. Үзіліс кезінде оқушыларды сыртқа шығарып, кабинетті желдетуге;

12. Егер мұғалім кабинетте ауысып жұмыс істесе, әкімшіліктен тағайындалған кезекшіге кілтті соңғы сабақ аяқталғаннан кейін тапсыруға;

13. Электронды сынып журналының толтырылуын қадағалауға; 

14. Өрт немесе басқа да табиғи апаттар кезінде қызметкерлер бекітілген эвокуациялық жоспар бойынша іс-әрекет жасауға; 

15. Білім беру ұйымы ғимаратының ауласына және ғимарат ішіне бөгде адамдардың жүруіне қатаң тиым салынады;

16. Жалпы мектепішілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қауіпсіз қолайлы орта құру.

17. Алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаңдану, психикалық ауытқу белгілері бар адамдар білім беру ұйымы ғимаратына кіргізбеуге, мұндай келуші туралы дереу білім беру ұйымы басшылығы және ішкі істер органдарына хабарлауға;  

18. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (маска режимін, арақашықтықты, ауырған жағдайда жылдам оқшаулануға);

19. Кабинеттерді кесте бойынша кварцтау міндетті;

20. Оқушылардың бойында қандайда бір өзгерістер болған жағдайда білім беру ұйымы қызметкерлері мектеп әкімшілігіне және кезекші мұғалімге хабарлауға міндетті.


2. Педагог қызметкерлердің құқықтары


21. Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартыныңталаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

22. Лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;

23. Білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;

24. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына;

25. Ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

26. Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;

27. Білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;

28. Білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;

29. Жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға;

30. Білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;

31. Білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

32. Үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;

33. Лучшийсіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;

34. Біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;

35. Кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;

36. „Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;

37. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап-тұру және арттыру үшін „Болашақ“ халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;

38. Өзіне қатысты қабылданатын әрекеттерге және шешімдерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға шағым жасауға;

39. Білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқықтары бар.


3. Педагог қызметкерлердің міндеттері


40. Өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге; 

41. Педагогикалық әдепті сақтауға;

42. Оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;

43. Өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);

44. Білім беру ұйымыде де, мекемеден тыс та моральдық нормаларды сақтап, тәртіп жағынан үлгі болуға;

45. Білім беру ұйымыден тыс жерде, мекемеге қатысты, мекеменің ішкі жағдайы туралы  мәліметтерді жарияламауға; 

46. Мектептің ұжымдық моральдық-психологиялық климатын дұрыс сақтауға;

47. Білім беру ұйымы ғимаратында оқушылардың тәртібіне, денсаулығына жауап беруге;

48. Қазақстан Республикасының Үкіметінің саяси идеологиялық бағытын халыққа дұрыс насихаттауға; 

49. Педагог қызметкерлер мектептегі киім үлгісін талапқа сай, өзін дұрыс жүруге міндетті;

50. „ҚР Еңбек кодексін“ қатаң түрде сақтауға міндетті;

51. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге;

52. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

53. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

54. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;

55. Білім беру ұйымының басшылығына арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға;

56. Құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;

57. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті;

58. Сабақ уақытында оқушылар әжетханаға сұранған жағдайда мұғалім 5 минут өткеннен кейін сұранған оқушыны іздеуге міндетті;

59. Сынып жетекшілер ата-анамен жұмысты жан-жақты дұрыс жүргізуге;

60. Мектепте мектепішілік кезекшілігін атқаруға; 

61. Мектеп басшыларының бұйрығы мен нұсқауларын орындауға.


4. Педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оны пайдалану


62. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің               68 бабының 1 тармағына сәйкес аптасына 40 сағат. Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін кәсіподақ ұйымымен, қамқоршылық кеңесінің жетекшілерімен келісе отырып, мектеп директоры белгілейді. Ол үшін мына жағдайлар ескертіледі:

— Педагогтің оқу жүктемесінің көлемі толық сақталуы тиіс; 

— Жас мамандарды толық/ставка/айлық көлемдегі оқу жүктемесімен қамтамасыз ету;

— Толық емес оқу жүктемесі қызметкерлердің келісімі бойынша жүзеге асады, және ол жазбаша түрде көрсетілуі тиіс;

— Педагогтің алған жүктемесінің көлемі оқу жылының аяғына дейін тұрақты түрде сақталады;

— Арнайы қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы кесте бойынша мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының, қамқоршылық кеңесінің жетекшілерінің келісімі бойынша орындалады;                                                                                                     

— Хатшы мен зертхана қызметкерінің, есепшінің жұмыс істеу уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;                                                                                                                                  

— Кітапханада оқырмандарға арналған  жұмыс кестесі көрсетіледі;

— Педагогтер сабақ басталудан 15 минут ерте келеді. Олар кабинет тазалығын тексеріп, дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сабақ аяқталғаннан соң 20 минуттан кейін қайта алады; 

63. Мектеп әкімшілігі сабақ басталуға жарты сағат қалғанда келуі тиіс;

64. Мектепте педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақыты сағат 08.00-де басталады. Оқушылардың кешігуіне немесе үзілістен кейін сыртта жүруіне жол берілмейді; 

65. Педагог қоңырау соғылғаннан кейін сабақты бастауға тиіс; 

66. Сабақ уақытында мұғалім кабинетте болмаса „жұмыс орнында жоқ“ деп саналады; 

67. Педагогтердің кезекшілік кестесі кәсіподақ ұйымының пікірімен келісе отырып, бекітіледі;

68. Администрация пен кәсіподақ бірігіп кезекші мұғалімдердің қызметтік міндеттерінің орындалуын қадағалайды;

69. Мектептегі асхананың тазалығын, астың сапасын мектеп әкімшілігі, медбике, кезекші мұғалімдер, сынып жетекшілер бақылап, қадағалауы тиіс;

70. Сынып жетекшісі  асханаға оқушыларды мезгілінде апаруға міндетті; 

71. Лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген директордың орындасарлары мұғалімдердің асханадағы кезекшілік кестесін жасап, оның орындалуын қадағалауға тиіс;

72. Преподаватели үшін маусымдық демалыс /күзгі, қысқы, көктемгі каникул/ кезі жұмыс уақыты болып есептеледі.


5. Мектепте педагогтер мына қағидаларды ескерулері қажет


73. Мектеп қызметкерлері үшін бала қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет. Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің (ғимаратқа және аумаққа кіру режимі, бөгде адамдардың болу шарттары, мектеп бойынша кезекшілікті ұйымдастыру);

74. Сабақ қоңырау соғылғанда басталып, қоңырау соғылғанда аяқталуы тиіс. Расписание уроковн мектеп директоры бекітеді. Сабақ ұзақтығы 45 минуттан аспайды, бірінші ауысымның сабағы 8.00-де басталып, 14.55-те, екінші ауысымның сабағы 14.00-де басталып, 19.55-те аяқталады.  

75. Сабақтың әрбір минуты оқушылардың сапалы ойлауы мен белсенді әрекетін іске асыруға арналуы керек;                                                                                                                    

76. Сабақ барысындағы мұғалімнің жеке қызметі білімдік және тәрбиелік мақсатының орындалуына бағытталады;                                                                                                             

77. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындалып келуін талап етуі тиіс;                                                                                                                        

78. Мұғалім сабырлы болуы қажет. Сыныпта тәртіп орнатуы үшін мұғалім түрліше әдістемелерді меңгеруі қажет;                                                                                                         

79. Школьникам айқайлауға, оларды балағаттауға жол берілмейді;                                                

80. Оқушының тәртібін жақсарту үшін қажет жағдайда психолог маманның көмегіне жүгінуге болады;                                                                                                                              

81. Дәптердің дұрыс, талапқа сай толтырылуы мен жүргізілуін пән мұғалімдері қадағалауы және үнемі тексеріп отыруы тиіс;                                                                          

82. Оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластық сақталуы тиіс;                                                     

83. Тәрбие мен білім берудің басты жетістігі — сапалы кәсіби біліктілік, соған ұмтылып, бірлесіп жұмыс істеу;                                                                                                                      

84. Преподаватели мен қызметкерлердің жұмыс тәртібінің сақталуын бақылау және қадағалауды мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы өз жауапкершілігіне алады.



6. Педагогтар мен басқада мектеп қызметкерлеріне тыйым салынады

85. Өз мүмкіндігіне қарай сабақ кестесін өзгертуге;                                                                    

86. Сабақ мерзімін ұзартуға, қысқартуға және ауыстыруға;                                                        

87. Оқушыларды кабинетте қараусыз қалдыруға, шығарып жіберуге;                                    

88. Сабақ уақтысында басқа педагог қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіруге;

89. Мектеп ғимаратында қызметкерлердің діни белгілермен (атрибуттармен) жүруіне (ерлер үшін: сақал өсіру, тақия, мәсі, әйелдер үшін: орамал, хиджап, паранджа) рұқсат етілмейді.


7. Педагогтардың сабақтан тыс уақытта міндетті түрде қатысатын жиналыстарына мыналар жатады

90. Педагогикалық кеңес; 

91. Директор жанындағы отырыс; 

92. Әдістемелік бірлестіктің кеңесі; 

93. 2 аптада бір рет жүргізілетін жоспарлы жиналыс. 


8. Ата-аналар (заңды өкілдер) міндеті

94. Бала тәрбиесі — ата-ананың негізгі міндеті;

95. Мектеп әкімшілігімен, сынып жетекшімен, мұғалімдермен жиі байланыста болу, сабақтарына қатысу; 

96. Баланың оқу құралдармен толық қамтамасыз ету және оқушының біріңғай мектеп формасын киюін қадағалау;  

97. Баланы кешкі/түнгі уақытта қараусыз қалдырған ата-аналар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, кей жағдайларда баланың әке-шешесі тіпті қылмыстық жауапқа тартылады;

98. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді;

99. Жолдағы жол ережелерін күнделікті баланың есіне салып отыру;

100. Күнделікті оқушының (баланың) электронды  күнделікке қарау, хабарламаларға жауап беру;

101. Мектепте мәдени қоғамдық істерге, мектепішілік іс-шараларға  қатысуға;

102. Оқушылардың мектеп жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларының орындауын бақылау; 

103. Мүмкіндігіне қарай мектепке материалдық көмек көрсету; 

104. Ата-анаға мектеп әкімшілігі және педагогтер байланыс жасаған уақытта мән жағдайға (проблемалық) терең түсінік таныта отырып, қатынас жасау; 

105. Мұғалімнің намысына тіл тигізбеу;

106. Мектепте ата-ана нәсілдік, діни, милитаристік және халықаралық құқықпен жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге идеяларды насихаттауға тыйым салынады; 

107. Сыныптық және жалпы мектептік ата-аналар жиналысына қатысу;

108. Ата-аналар (заңды өкілдер) балаларының сабақтан тыс жағдайда олардың жеке басының қауіпсіздігіне тікелей жауапты болып табылады;                                                    

109. Балалардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануын, сондай-ақ балалардың өз денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға кіруін бақылауды жүзеге асыруға;

110. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата-аналары (заңды өкілдері) оқушының шетелдегі мектепте оқып жатқандығы туралы анықтама әкеліп, құжаттарын беруді талап еткен жағдайда, мектеп әкімшілігі құжаттарды берместен бұрын, ауыл әкімдігінен оқушы отбасының қоныс аударатындығы (көшіп кетуі) немесе аудармайтындығын (көшіп кетпеуі) анықтап, баланы өз еркімен немесе еркінен тыс шетелге алып кетудің алдын алу шараларын қабылдайды;        

111. Ата-аналар жеке санитарлық құрылғылармен қамту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

112. Қашықтық форматында оқу кезінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;    

113. Оқушының бойындағы орын алан өзгерістерді мектеп әкімшілігіне және психологотарға хабарлауға міндетті.                                                                      


9. Школьникам арналған мектеп форма ережесі


114. Оқушылар ережесін, антын, әдептілік ережесін, оқушыларға арналған мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы  14 қаңтардағы № 26 „Орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қойылатын талаптарға“ сәйкес бірыңғай болу керек және оны сақтау керек; 

115. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды;

116. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т. б.) орналастыруға рұқсат етіледі;

117. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады;

118. Мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері, мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, қамқоршылар кеңесі мен ата-аналар комитеті қатысады және осы Талаптарға сәйкес ұсыныстар енгізеді.


10. Школьникам арналған мектепішілік қағида


119.Ішкі тәртіп қағидаларын, білім беру ұйымының Жарғысын сақтау;

120. Сыныпта, отбасында, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын қалыптастыру; 

121. Халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап, құрметтеп қастерлеу; 

122. Көшеде жүріп-тұру, өрттен сақтану, жол ережелерін сақтау, тиым салынған жерлерде болмау, суда жүзу қауіпсіздіктерін сақтау, мектеп ережелерін білу және қатаң сақтау;

123. Мектепішілік сыныптың іс-шараларға, өзін-өзі басқару жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу;

124. Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандығын таңдай білу;

125.  Қоршаған ортаны қорғау, күтіп баптау, табиғатты аялау, туған өлкені көркейтуге ат салысу;

126. Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыра отырып, қызығушылығына қарай үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысу;

127. Мектеп ішінде этика нормаларына сәйкес оқушылардың бас киіммен жүруіне рұқсат етілмейді;                                                                                                                 

128. Оқушылар мектепте ұялы телефонды қажетті жағдайда сабақ уақытынан тыс мезгілде ғана қолдануға міндетті;  

129. Оқушылар мектепке келген кезде жеке смартфондарын арнайы белгіленген ұяшықтарға салып қоюы міндетті.

130. Смартфонды сабақ кезінде пайдалану тек мұғалімнің рұқсатымен білім беру мақсатында ғана жүзеге асырылады.

131. Школьникам мектеп және мектеп территориясына атылатын, жарылғыш қару, пышақ,   өртегіш заттар, улы және токсикалық заттар, темекі (электронды) әкелуге және алкогольдік     ішімдіктерді, адам өміріне қауіп төндіретін заттарды алып келуге тыйым салынады;

132. Мектептен тыс жерлерде оқушылар өздерінің ары мен намысына, қадір қасиетіне нұқсан келмейтіндей, мектеп абыройына дақ салмайтындай болып жүру керек;

133. Физикалық қысым, қорқыту мен қорлаудан, басқаларға қатысты кемсітушілік әрекеттерден аулақ болу;

134. Сабаққа кешікпеу; 

135. Кезекші әкімшінің, сынып жетекшінің немесе мейірбикенің рұқсатынсыз сабақтан шықпау;

136. Үзіліс кезінде мектеп аумағынан шықпау.


11. Ішкі тәртіп бұзылған жағдайда


1. Тәртіп бұзушылық фактісі мектеп әкіәмшілігімен қаралады;

2. Тәртіп бұзушылар мектепішілік есепке алынады;

3. Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда білім алушылар Педагогикалық Кеңесте қаралады;

4. Қасақана тәртіп бұзушылық орын алған жағдайда іс кәмелетке толмағандар істер жөніндегі комиссияға жіберіледі.

5. Қазақстан Республикасы „Администрация құқық бұзушылық туралы“ кодексінің 409-бабының      2-тармағына сәйкес ата-аналар немесе өзге де өкілдеріне білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда ескерту немесе айыппұл салынады. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив