Теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша ата-аналар жиналысы
7.02.2025 жылы Меркі теміржол станциясында теміржол бойында қауіпсіздікті сақтау және заң бұзушылықтарды болдырмау, теміржол бойында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты теміржол бойында қауіпсіздікті сақтау және заң бұзушылықтарды болдырмау. Осы жылы көпір құрылысы басталатынындығы хабарланып, құрылыс басталғанға дейін ата-аналарға балаларды мектепке өздері алып келу, алып кету жауапкершілігі жүктелді.