Мектепшілік олимпиада
Мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2022 жылдың қараша айының 14-15 аралығында оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, химия, биология, география, құқық негіздері пәндері бойынша мектепішілік пәндік олимпиадасы өткізілді.