Жазғы демалыста қауіпсіздік ережелері
Жаз балалар мен олардың ата-аналарының асыға күтетін жыл мезгілі. Жазғы демалысты қызықты өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтауды да жадыңыздан шығармаған абзал. Осы мақсатта Тұрар Рысқұлов атындағы №20ЖОББМ жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша жадынама әзірленіп, 1-11 сынып білім алушыларының ата-аналар чаттарына таратылды. Жадынамамен 470 ата-ана танысып кері байланыс жасады.