Жадынама » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сентябрь
2023

Жадынама

Жадынама

Мектепке дейінгі, орта білім беру және мектептен тыс қосымша білім

 беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың 

үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі туралы


  • Қамқоршылық кеңестің құрамына (құрамы өзгереді, қосымшаға сәйкес қарау керек):


       Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, кемінде 9 (тоғыз) адамнан құрылады (бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ).

      Қамқоршылық кеңестің өкілеттілік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

  • Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлер:

 Үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру  

 ұйымдары ұсынады. Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір сынып параллельінен 

 осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) Қағидалардың 9-

тармағында көрсетілген құжаттармен:

  • өтінім (еркін түрде);
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
  • Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
  1. Үміткерлердің құжаттарын тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі (АББ).



«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі (Бұдан әрі – білім бөлімі) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымындарында (Бұдан әрі – білім беру ұймдары) Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне үміткерлердің құжаттарын қабылдаужүргізеді.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) тәуелсіздік;

2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;

3) еріктілік;

4) ашықтық;

5) жариялылық пен шынайылық.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтінім (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынуларына жол беріледі.

Лауазымдық айлықақы мөлшері – белгіленбеген.


Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымы ұсынады.


Конкурс келесі кезеңдерді қамтиды:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;      

2) іріктеуден өткен үміткерлердің құжаттарын білім бөліміне ұсыну;

3) үміткерлердің ұсынылған құжаттарын білім бөлімінде құрылған комиссиясында қарау;

4) комиссияның хаттамалық шешім.


Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін2023 жылдың қыркүйек айының 7-26 күндері аралығындабілім бөліміне қарасты білім беру ұйымындарындасағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс 13.00.-14.30. аралықта ұсыну тиіс.


Конкурс өткізілетін орын: 

             Меркі ауданы, Ойтал ауылы, 

Алатау көшесі №25/а   ryskulovshkola20@yandex.kz     8(72632)43219




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив