Құрметті ұстаздар қауымы!
Құрметті ұстаздар қауымы! Баршаңызды қазан айының алғашқы күндерімен келіп жеткен төл мерекелеріңіз, ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз қашанда ұстазын құрметтеген елдің ұрпағымыз. Ұстазын ұлықтамаған ел ұлт болмайды. Соңғы жылдары елімізде педагог мәртебесін көтеру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Тиісті нормативтік құжаттар қабылданып, ұстаздардың жалақысы жыл сайын көтерілуде. Артық құжаттарды толтырудан босатылып, сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалуда.