13
октябрь
2025
Бүгінде бұл білім ошағында үзілістен шығар уақытта Құрманғазының «Балбырауын» күйі ойнатылса, үзіліс аяқталған кезде «Адай» күйі қосылды.
2025-2026 оқу жылының 13 қазан күні мектебімізде қоңырау орнына күй ойнатылды. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қолға алынған бұл игі бастама балалардың мектеп қабырғасынан еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін оятып, ұлттық өнеріміздің асыл қазынасына сусындап өсуіне жол ашты деп айтуға болады. Реттілігімен қойылатын күйлердің әрбірінің өзіндік мәні де зор. Бүгінде бұл білім ошағында үзілістен шығар уақытта Құрманғазының «Балбырауын» күйі ойнатылса, үзіліс аяқталған кезде «Адай» күйі қосылды. Ғалымдардың айтуынша домбыраның қоңыр үні баланың психикасына оң әсер ететіні белгілі. Осы орайда күйдің даусын естіген оқушылар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, тәрбие сағаттарына ерекше көңіл- күймен қатысты.
Мектебімізге қоңыраудың орнына күй ойнатып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үлкен үлес қосқан, жомарт түлектерімізге үлкен алғыс білдіреміз
Мектебімізге қоңыраудың орнына күй ойнатып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үлкен үлес қосқан, жомарт түлектерімізге үлкен алғыс білдіреміз