«Мектебім, саған мың алғыс!» – 60 түлекке арналған салтанатты жиын өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім, саған мың алғыс!» – 60 түлекке арналған салтанатты жиын өтті
24
май
2025

«Мектебім, саған мың алғыс!» – 60 түлекке арналған салтанатты жиын өтті

«Мектебім, саған мың алғыс!» – 60 түлекке арналған салтанатты жиын өтті


«Мектебім, саған мың алғыс!»

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 9-11сынып білім алушыларына салтанатты жиын өтті. Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасынан 60 жас түлек ұшқалы отыр Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, салтанатқа жиналған көпшілікті ерекше әсерге бөленді. Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы ретінде аудандық білім бөлімінің әдіскері-А.Б. Тулетбекова, қамқоршылық кеңесінің төрайымы-А.А.Сұлтанбекова қатысты. Салтанатты жиында келген қонақтар мен мектеп директоры-Н.Т.Мырзаханов түлектерге ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі, мектеп бітірушілерге жүрекжарды құттықтауын арнап, үздік оқушыларды марапаттады. Сап түзеген білім алушылар қонақтарға арнап ән-шашу тарту етті. 24 мамыр ата-аналар үшін қуанышты күн болса, оқушылар үшін қимас балалық шақпен қоштасу, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын, ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн. Бұл күні аудан бойынша барлық мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, мектеп түлектері жаңа да жауапты өмірге аяқ басты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері үлпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз бүгінгі күні ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив