07
апрель
2025
«Көңілді старттар»: Денсаулық күніне арналған сынып сағаттары өтті

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Көңілді старттар» тақырыбында жоғары сыныптарында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру. Дұрыс тамақтану, спорт және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы білім беру. Сынып сағаты соңында қауіпсіздік сабағының №1 сабағы «Зиян келтіруі мүмкін ұсыныстарды нақты және батыл түрде қабылдамауды қалай үйренуге болады»
тақырыбында түсінік берілді. Мақсаты: оқушыларды қауіпті ұсыныстардан бас тартуға және өз шегараларын қорғауға үйрету.