29
ноябрь
2024
«Директор жанындағы кеңестің IV отырысы: білім сапасы, тәрбие және қауіпсіздік мәселелері талқыланды»



Ағымдағы оқу жылының 29
қараша күні директор жанындағы кеңестің IV отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 1) «Bilim class» платформасы
бойынша сынып журналдарын тексеру жағдайы; 2)
Гуманитарлық пәндер бойынша білім алушылардың академиялық тілдік дағыларын дамыту барысындағы 2-7 сыныптарындағы сабақтарды бақылау жағдайы; 3) Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру қызметі негізінде мектеп пен отбасының байланысы; 4) Жасөспірімдер тәрбиесі және құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) «Бала құқықтарын қорғауды күшейту және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу» бойынша атқарылған іс-шаралардың өткізілуі тақырыптары аясындағы мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша жауапты мамандар атқарылған іс-шаралары туралы өз есебін берді.