Ұстаз деген - бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды келер ұрпаққа тәрбие береді. 3 қазан күні 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік!» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Ардақты ұстаздар! Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер бізге білімнің кілтін ашып, өмірдің мәнін түсінуге көмектестіңіздер. Әрбір берген сабағыңыз, айтқан ақылыңыз біз үшін баға жетпес қазына. Сіздің шәкірттеріңіз өмірде биік шыңдарға жетіп, еңбегіңізді ақтап келеді. Сіздердің мейірімдеріңіз бен шыдамдылықтарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті болсын, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз!