

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді сыйлау, білу және сүю. Ата-баба аманат еткең тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу, Қазақстан халқының мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ету және өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілді жетік білу – үлкен жетістік екенін білу. Кітапхана қорындағы тіл туралы кітаптарды насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 3 қыркүйек күні Тұрар рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде тілдер мерекесіне орай «Тіл - жұрттың жаны. Тілінен айрылған жұрт жойылған жұрт» «Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі» атты кітап көрме жасалды. ҚР Үкіметінің Қаулысымен 5 қыркүйек Тілдер күні болып белгіленді. Дәл осы күні Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Мереке жыл сайын қазақ филологиясының негізін қалаушы лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде аталып өтілмекші. Мектеп кітапханашысы- Г.Абдраимова оқушыларға көрмеге қойылған мемлекеттік тілді үйренуге арналған қазақ тілі оқулықтары, сөздіктер жөнінде толық мағлұматтар беріп, тілдің маңыздылығына тоқталып, тіл туралы мақал-мәтелдер, атақты ғұламалардың айтқандарымен ой бөлісіп, әсерлі де көрнекті етіп әңгімелепберді. Оқушылар қызығып, кітаптарды алып, көп керекті мәліметтер алды. Қазақтың біртуар даңқты ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тіл байлығы, тіл тазалығы ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі
өнегесі, нағыз белгісі» деп айтқандай, мемлекеттік
тілдің мәртебесін биік ұстайық, ағайын!