09
октябрь
2024
9 қазан күні "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру"
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 9 қазан күні "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" онкүндігінің ашылуы өткізілді. Мақсаты: ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру, балаға дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру. Директордың оқу—ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. білім алушыларға дұрыс тамақтанудың пайдасын айтып өтті. Онкүндіктің ашылуына байланысты мың бұралған қыздарымыз "Спорт" биін биледі. Білім алушылармен "Көкөніс базары" ойыны ойнатылды. 4 сынып білім алушылары жеміс-жидек киімдерін киіп, тақпақ, мақал-мәтелдер айтты. Сонымен қатар "Тамақтану бағдаршамы" ойыны арқылы пайдалы және зиянды тағамдарды анықтады. "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" онкүндігінің ашылуына орай директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. әлеуметтік педагогтер Саймова Г.Х Джунусова М.Б, бастауыш сынып ұстаздары қатысты.




