"Асханаға қош келдіңіз"
Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінде, ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні "Асханаға қош келдіңіз" атты тақырыпта ата-аналар үшін ашық есік күні өткізілді. Ыстық тамақ бойынша мектеп директоры Н.Т.Мырзаханов, ыстық тамаққа жауапты маман директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.И.Утегенова ата-аналарға асхананың ішін, беріліп жатқан тамақтың ас мәзірінің түрлерімен таныстырды.Ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.Ата-аналар шағым дәптеріне өз пікірлерін білдірді.