Бракераждық комиссия жұмысы
Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланады. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою ұсынылды. Мектебіміздің асханасын тексеру барысында екі тамақ құятын ыдыстың шеттері жырылғандығы анықталып, аспазшы Ұ.Атамуратоваға ескерту берілді.Асхана санитарлық талаптары сақталған. Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылмаған.Асханада кезекшілік кестесі тамақтың берілуі ережесіне сай жасалған. Мектеп медбикелері беріліп жатқан астың сынамасын алып, аузы жабылатын шыны ыдыстарға сақтап қойған. Шағымдар мен ұсыныстар журналы бар.Ыстық тамақ мәзір бойынша берілген. Асхана санитарлық талаптарға сай.




