Ақпарат » Страница 92 » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Нұр Наурыз- халық тойы»
14
март
2023
«Нұр Наурыз- халық тойы»
  Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға¬сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа
"Ұлы даланың қолөнері" тақырыбында мектеп фойесінде қолөнер көрмесі
14
март
2023
"Ұлы даланың қолөнері" тақырыбында мектеп фойесінде қолөнер көрмесі
  Мектебімізде білім алушыларды ұлттық қолөнерді дәріптеу, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында 22 наурыз – Наурыз мейрамы күніне орай еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ұлы даланың қолөнері" тақырыбында мектеп фойесінде қолөнер көрмесін ұйымдастырып, мектеп оқушылары жасаған шығармашылық жұмыстары қойылды. Балалар өздерінің қолдан жасаған ұлттық бұйымдарын, көктемнің ең әдемі көріністерін бейнеленген жұмыстарымен бөлісті.
«Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!» атты Бауырсақ пати
14
март
2023
«Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!» атты Бауырсақ пати
  «Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!» атты Бауырсақ пати бауырсақ тарту шарасы 14 наурыз күні 9 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сыныптары арасында өткізілді. Қазақ халқының ұлттық бренді- бауырсақты кеңінен насихаттау , мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын арттыру, береке, бірлікке , татулыққа шақыру, білім алушылардың бойында ұлттық сана сезімді ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шарада әр сынып бауырсақтың түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарымен бөлісті.  Бейнежазба:
"Рәміздерді қасиеттеп, құрметтеу" тақырыбында патриоттық әндер байқауы
14
март
2023
"Рәміздерді қасиеттеп, құрметтеу" тақырыбында патриоттық әндер байқауы
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні 5-7 сыныптар арасында "Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны" атты апталық негізінде "Рәміздерді қасиеттеп, құрметтеу" тақырыбында патриоттық әндер байқауы болып өтті. Аталған іс -шараға барлық сыныптар белсене қатысып, өздерінің өнерлерін жақсы деңгейде көрсете білді.
"Иллюстрациялық суреттер салу" бағыты бойынша 11"Ә" сынып оқушысы Орынбай Дархан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
13
март
2023
"Иллюстрациялық суреттер салу" бағыты бойынша 11"Ә" сынып оқушысы
  Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында "Әбіш оқулары" республикалық ғылыми -шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде "Иллюстрациялық суреттер салу"бағыты бойынша 11"Ә" сынып оқушысы Орынбай Дархан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі
«Қазақтың ұлттық киімдерінен» көрме ұйымдастырылды
13
март
2023
«Қазақтың ұлттық киімдерінен» көрме ұйымдастырылды
  Наурыз мерекесі Қазақстан Республикасында мекендейтін халықтардың іргесі, сөгілмес бірліктің ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт дәстүрлері мен халық ауыз әдебиетімен таныстырып, олардың рухани маңызын түсіндіру мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «22 наурыз-Наурыз мейрамы» күніне орай іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 13 наурыз күні «Әдеп пен ғұрып» жобасы аясында 8 сыныптар арасында «Қазақтың ұлттық киімдерінен»
"Аталар жолымен, ағалар ізімен" тақырыбында кездесу өтті.
13
март
2023
"Аталар жолымен, ағалар ізімен" тақырыбында кездесу өтті.
  Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Аталар жолымен, ағалар ізімен" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге 1969 жылғы түлегіміз – Ибаков Ашир ағаймен жүздестік. Кездесу барысында Ашир атамыз өзінің өмір жолымен таныстырып, еңбек еткен жылдар ағымындағы қиыншылықтары мен қызықтары жөнінде ой қозғады, көрген білгендерін, өмірден түйгендерін айтып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу өте
“Мемлекеттік рәміздер -еліміздің мақтанышы” атты апталықтың жоспары
13
март
2023
“Мемлекеттік рәміздер -еліміздің мақтанышы” атты апталықтың жоспары
  Тұрар Рысқұлов атындағы #20ЖОББМ 2023 оқу жылындағы “Мемлекеттік рәміздер -еліміздің мақтанышы” атты апталықтың жоспарына сәйкес 10”А” сынып білім алушылары “Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым” атты челленджді 10”Ә” сыныбына жолдады Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CpuumnTgRz3/?utm_source=ig_web_copy_link 
“Әдеп пен ғұрып” жобасы
13
март
2023
“Әдеп пен ғұрып” жобасы
  “Әдеп пен ғұрып” жобасы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалары арасында Наурыз шуағы” атты акция өткізілді! Акция концерттік бағдарлама бағытында ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында әндер айтылып, 6”А” сынып білім алушылары қазақ ұлттық биін көрерменге паш етті. Жоғарыда аталған категориялар бойынша тізімге алынған білім алушылар арасында ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.
Құттықтаймыз!!!
13
март
2023
Құттықтаймыз!!!
  Балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында өткізілген Халықаралық әйелдер күніне арналған “Ана, әже және мен” байқауында Тұрар Рысқұлов атындағы атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды “В” сынып тәрбиеленушісі Құралбай Аяна аудандық кезеңде бас жүлде жеңіп алып, облыстан 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Жаманкулова А. Т.