08
сентябрь
2022
Жанұялар арасында эстафетадан жарыс өтті.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні мектебімізде “Отбасы күні” мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында «Әкем, анам жəне мен спорт сүйер отбасымыз» атты ұранымен жанұялар арасында эстафетадан жарыс өтті. Эстафетаға 4 отбасы қатысты. Салауатты өмір салтын ұстану – саналы қоғамның таңдауы. Біздің ең үлкен бәйгеміз, басты жеңісіміз де – тек бірлік. Әділқазылар алқасының мүшесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Абдуалиева жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтап, ақжол тілеп, ізгі ниет білдірді. Командалар аламан жарыста «Кедергілер арасымен жүгіру», «Қаз -қатар жүрелеу», «Аламан», «Қаппен секіру»,, «Арқан тарту», «Сұрақ -жауап сайысы» бойынша күш сынасты. Қазылар алқасы бес тур бойынша балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтауға ден қойды. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен «Алға» командасы – 1 орын, «Дружба» командасы – 2 орын, «Сила» командасы-3 орын, «Звездный» командасы-3 орынға ие болды. Жарыстан қалыс қалмаған өзге топтар да арнайы марапаттау, бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.











