08
сентябрь
2022
«Біз біргеміз» атты отбасылық флешмоб өтті.
Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында мектебімізде 8 қыркүйек күні ұйымдастырылған іс-шаралар аясында «Біз біргеміз» атты отбасылық флешмоб өтті. Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2022 жылғы №15-6/ 2678-И хатында қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні болып бекітілген болатын. Әрине, бұл мерекелі күннің маңызы өте жоғары. «Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Әр шаңырақтың береке-бірлігі балаға ерекше әсер етеді. Жылы жанұядан қоғамға берері мол мейірімді азаматтар өсіп шығады. Біз бала тәрбиесінде әрдайым ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеуді басты назарда ұстаймыз. Бүгінгі іс-шарамыз да соның бір көрінісі. Балалардың командамен жұмыс істеуге бейімделуі, өз отбасын қадірлеуі осыдан басталады. Салауатты өмір салтын ұстанып, ұрпаққа үлгі болатын ата-аналарымыз көп болсын!»





