19
сентябрь
2022
Мектептегі оқуға дайындық деңгейінің диагностикасын жүргізу мақсатында әдістемелер жүргізілді
2022-2023 оқу жылында мектепалды даярлық тобына 5 топқа барлығы – 64 бала оқумен қамтылды. Оның 4-і қазақ тобы, 1-і орыс тобы. Қыркүйек айының 9-16 аралығында мектепалды даярлық тобы оқушыларымен баланың мектепке дайындығын, қарым-қатынасқа түсе алуын, тәртібін ұйымдастыра алуын, мектептегі оқуға дайындық деңгейінің диагностикасын жүргізу мақсатында әдістемелер жүргізілді.Алдағы уақытта психикалық дамуы және білім алу барысында қиындықпен кезіккен балаларға көмек көрсетуде арнайы әлеуметтік-психологиялық жағдай орнату, мектептегі оқуға дайындықтың сапасын жетілдіруде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жұмыстар жоспарланды.Мектеп психологтары.





